24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Еліміз Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, заманауи сын-тегеуріндерге төтеп бере алады.
Осылай деген Үкімет басшысы Президенттің тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болғанын айтады.
Олжас Бектенов: «Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелелер іске асу үшін әрбір министр мен әкім, әрбір сала мен өңір іс жүзінде нәтиже көрсетуі қажет», - деді.
Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар саяси жүйемен қатар, азаматтарымыздың мәдениетіне де демократиялық қағидаттарды біржолата орнықтыру процесі жүріп жатқанын білдіреді.
Премьер министр бұл бастамалар қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына деген мызғымас ұстаным екенін айтап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:- Президент өз сөзінде еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты негізгі міндеттерді белгілеп берді.
Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды.