Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform— Астана Чехия Республикасын Еуропалық одақтағы сенімді әрі келешегі зор серіктес ретінде қарастырады. Сауда-экономикалық серіктестік туралы келісім, сондай-ақ, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім тәрізді құжаттар — берік құқықтық негіз. Олар елдеріміздің арасындағы экономикалық байланысты нығайтады, — деді ол.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Қазақстанның аймақтағы әлеуетіне тоқталды.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform— Қазақстан өңірдегі ең ірі экономика ретінде экономикасын әртараптандыру үшін кешенді реформаны жалғастырып жатыр. Бұл мақсатта ғылым-білімге негізделген даму моделі мен инновацияға жете көңіл бөлініп келеді. Нәтижесінде, былтыр ЖІӨ 6,5%-ға өсті. Ал әлемде бұл көрсеткіш орташа есеппен 3%-ға жоғары екенін ескерсек, Қазақстанның статистикасы айтарлықтай жоғары, — деді ол.
Сонымен бірге, Олжас Бектенов елімізге тартылған инвестиция көлеміне тоқталды.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform— Шетелдік тікелей инвестициялар мөлшері 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларға жетті. UNESCAP дерегінше, 2025 жылы Қазақстан жаңа жобаларға 19 млрд доллар инвестиция тартты. Бұл Орталық Азияға құйылған аймақаралық барлық инвестицияның 89%-ы. Ашық саясат пен инвесторларға жайлы жағдай жасаудың арқасында халықаралық серіктестеріміз артып келеді. Олардың ішінде Чехия да бар, — деді Премьер-министр.
Сонымен бірге, ол Қазақстан Чехияны дамыған индустриялық мемлекет ретінде қарастыратынын және экономиканың барлық секторында жан-жақты серіктестікті дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асқанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, бүгінде республикада Чехия үлесі бар 150 компания жұмыс істейді.