Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Өздеріңіз білетіндей, елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталуда. Оны ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жауып отырмыз. Былтыр тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен. Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, — деді О. Бектенов.
Оның айтуынша, жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келіп жатыр. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтіліп отыр.
— Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды. Көкшетауда Жылу электр станциясының құрылысы басталды, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның жобалары бойынша мердігер ұйымдар мен қаржыландыру көздері анықталды. Үш ЖЭО құрылысын жоспарланған мерзімде аяқтаймыз, — деді Үкімет басшысы.
Бұдан бұрын Олжас Бектенов 200-ден астам жаңа өндіріс орнының құрылысы аяқталуға жақын екенін айтты.