Премьер министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды

19.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мен халықаралық әуе қатынасын кеңейту елдің экономикалық өсуі үшін маңызды бағыт екенін атап өтті. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстерді жыл соңына дейін іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Олжас Бектеновтің айтуынша, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай жолаушылар саны жылына 12 млрд-тан асады, ал әлемдік коммерциялық әуе паркі 2034 жылға қарай екі есеге ұлғаяды. Осы жағдайда Қазақстан жаһандық авиациялық жүйеде өз орнын нығайтуы тиіс.

«Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн», деді Олжас Бектенов.

Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?

Сонымен қатар Үкімет халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге басымдық беріп отыр.

Осыған байланысты Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірлесіп, Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстерді 2026 жылдың соңына дейін ашу тапсырылды. Ал 2027 жылы Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа қалаларына жаңа бағыттар іске қосылмақ.

«Инвесторлар мен туристерді тартамыз десек, бұл – өте маңызды мәселе», деді Премьер-министр.

Бұған дейін Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізілетіні туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?

Білім • Бүгін, 12:50

Биылдан бастап елімізде жүк тасымалдайтын ұшақтар ұша бастайды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:33

Рақымшылық дұрыс қолданылмаған: Түркия мен Египетке жалған жолдама сатқан алаяқ қайтадан сотталды

Оқиға • Бүгін, 12:23

Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады

Қоғам • Бүгін, 12:00

Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатыны белгілі болды

Логистика • Бүгін, 11:58

Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Қоғам • Бүгін, 11:52

Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады

Технология • Бүгін, 11:50

Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты

Білім • Бүгін, 11:47

Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?

Логистика • Бүгін, 11:44

Бір билетпен екі адам өтуге болмайды: LRT басшылығы жолаушыларға ескерту жасады

Оқиға • Бүгін, 11:42

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қашан ашылады?

Елорда • Бүгін, 11:40

Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізіледі

Қоғам • Бүгін, 11:27

2027 жылдан бастап ел тұрғындары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады

Денсаулық • Бүгін, 11:25

Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі

Қоғам • Бүгін, 11:10

Қарағанды облысында өрт ошақтарын дрондар бақылайды

Технология • Бүгін, 11:07

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью