Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллекттің ел дамуындағы шешуші рөлін атап өтті. «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбындағы жиынға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялар мен инвесторлар қатысып, 3 мыңнан астам делегат бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Форумның пленарлық отырысында Үкімет басшысы жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Оның ішінде институционалдық негіз қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды нығайту мәселелеріне басымдық берілді.
«Бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басты. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл саланың еліміз үшін айрықша маңыздылығын атап өтті», деді Олжас Бектенов.
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Премьер-министрдің айтуынша, елде жүргізіліп жатқан саяси жаңғырулар аясында жаңа Конституция қабылданып, онда алғаш рет цифрлық құқықтар конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл қадам тек технологиялық дамуға серпін беріп қана қоймай, мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарын айқындайды.
«Цифрлық құқықтарды ең жоғары деңгейде бекіту біз үшін цифрлық трансформация тек технологияларды дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар нақты құқықтық кепілдіктер, деректерді қорғау және сенім принциптері туралы екенін айқындайды. Осылайша, Қазақстан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруда», деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Соңғы жаңалықтар
Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?
Ауа райы • Бүгін, 14:28
Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады
Оқиға • Бүгін, 14:13
Гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды: Биыл Алматыда қандай гүлдер егіледі?
Алматы • Бүгін, 13:50
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді
Үкімет • Бүгін, 13:35
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:20
ХОК мәлімдеме жасады: Енді трансгендерлер Олимпиадаға қатыса алмайды
Спорт • Бүгін, 13:05
Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды: Мүлікті кімдер сатып ала алады?
Қоғам • Бүгін, 12:44
Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады
Театр • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Президент • Бүгін, 12:37
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Заң • Бүгін, 12:34
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 12:24
С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді
Білім • Бүгін, 12:10
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Қаржы • Бүгін, 11:55
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз
Қоғам • Бүгін, 11:43
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:42