Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті

12.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында көлік-транзит саласын нығайтуды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Александр Жабчук

Президент бұл шаруа коммуналдық, энергетикалық және су саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет

«Мысалы, былтыр 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да – рекордтық көрсеткіш. Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері төселіп, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр. Сондай-ақ вокзалдар қайта жөндеуден өтуде. Себебі олар орташа есеппен алғанда 60 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Тіпті, еліміздегі он вокзал осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Жалпы, біз былтыр Қазақстандағы 124 вокзалды түгел жаңғырта бастадық. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады. Мұндай ауқымды бастама алғаш рет қолға алынды. Алдыңғы жылы көптен күткен Астана – Алматы күре жолын жөндеу жұмыстары толық бітті. Мен бұған дейін Астананы еліміздің батыс аймақтарымен байланыстыратын мүлде жаңа автокөлік жолын салуды тапсырдым. Қазір бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатыр», деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев: Әлемдегі аса күрделі ахуалға қарамастан, ұлттық стратегиямызды біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз

Президент кең жолақты жолдармен қатар жергілікті жолдар да назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

«Себебі миллиондаған азаматымыз, соның ішінде ауылдағы ағайын үшін автокөлік жолы, шын мәнінде, «өмір жолы» саналады. Сапалы жол болса, жұрт тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бизнесін дамыта алады. Былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, оның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тасжол жөндеуден өтті. Биыл тағы 2300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде осындай 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделеді. Бұл – Қазақстанның құрлық шекарасынан үш есе көп қашықтық. Алайда Үкімет және тиісті мемлекеттік мекемелер жол инфрақұрылымының сапасына ерекше мән беруге тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Әлемдегі аса күрделі ахуалға қарамастан, ұлттық стратегиямызды біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз

Президент • Бүгін, 15:22

Атырау тұрғынынан 3,5 метрлік жылан мемлекет кірісіне тәркіленді

Аймақтар • Бүгін, 15:06

Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады

Президент • Бүгін, 14:56

Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады: Президент әлемдегі жағдай туралы пікірін айтты

Президент • Бүгін, 14:52

Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет

Президент • Бүгін, 14:40

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?

Президент • Бүгін, 14:36

Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет

Президент • Бүгін, 14:24

Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 14:16

Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ

Президент • Бүгін, 13:55

Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс

Президент • Бүгін, 13:27

Тоқаев: Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді

Президент • Бүгін, 13:18

«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды

Туризм • Бүгін, 12:53

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды

Руханият • Бүгін, 12:32

Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Президент • Бүгін, 12:22

Евгений Кошкин «Күміс шар» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Қысқы спорт • Бүгін, 12:17

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью