Президент: Адам капиталы сапасын арттыру үшін бәрін жасауымыз қажет

19.03.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президенттің айтуынша, адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.

«Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізген нәтижеге тоқмейілсіп, көрсеткіштермен мақтанбауымыз керек. Керісінше, жаңа мақсаттарға жету үшін тынымсыз еңбек етуіміз қажет.

«Әлемдік бәсеке күшейген кезеңде біз әрдайым жеңімпаз болуымыз керек. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, өркениет көшінен қалмауға тиіс. Тарихымызда қилы қасіретті бастан өткердік. Осы бақ-қуатты өмірге жету үшін талай зобалаңды көрдік. Өркениет бізге өздігінен келмейді. Оны өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Оған қол жеткізу үшін қоғам жұдырықтай жұмылып, күш біріктіруі қажет. Ғалымдар, технологтар, кәсіпкерлер, білімді азаматтар, тіпті, студенттер де ортақ іске атсалысқаны жөн», деді Президент. 

Айта кетейік, Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде бүгінде түрлі мемлекеттер арасында технологиясы озық ел болу үшін қарқынды күрес жүріп жатқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Президент: Адам капиталы сапасын арттыру үшін бәрін жасауымыз қажет

Президент • Бүгін, 20:25

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 19:45

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

Қазақстан • Бүгін, 19:35

Астанада 2026 жылы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елорда • Бүгін, 18:57

Ертең елімізде күн райы бұзылады

Ауа райы • Бүгін, 18:39

Сан емес, сапа маңызды: Тоқаев шетелдік ЖОО-на бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта пысықтауды тапсырды

Университет • Бүгін, 18:05

Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты

Президент • Бүгін, 17:59

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 17:50

Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Президент • Бүгін, 17:41

Жамбылда облысында ең ірі ЖЭС салынып жатыр 

Аймақтар • Бүгін, 17:39

Тоқаев: Ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ

Қоғам • Бүгін, 17:30

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек

Президент • Бүгін, 17:20

Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды

Қоғам • Бүгін, 17:12

Робототехника – білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі

Аймақтар • Бүгін, 16:55

Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Әлем • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью