Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ақорда
2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 %-ды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 %-ға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады.
Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді.
Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр.
Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.
Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады.
Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр.
Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Соңғы жаңалықтар
Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс
Спорт • Бүгін, 16:32
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:12
«DamDastour»: Шетелдік аспаздар Шымкент тұрғындарына ерекше дәм ұсынады
Аймақтар • Бүгін, 15:58
Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рақымшылыққа іліге ме?
Қоғам • Бүгін, 15:42
Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:28
Тәшиев тергеуден кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
Саясат • Бүгін, 14:07
Туризм саласында қандай өзгерістер болады?
Туризм • Бүгін, 12:26
Қос қазақстандықтың тартысы: Майамиде Рыбакина Путинцеваға қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 12:08
Бес өңірде жерасты суының жаңа көздері табылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:03
Қазақстан әлемдік бақыт рейтингінде Франция мен Сингапурды басып озды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Экономика • Бүгін, 11:18
Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен
Қылмыс • Бүгін, 11:06
Ел тұрғындары қандай дәрілерді көп сатып алады?
Денсаулық • Бүгін, 10:55
Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады
Қоғам • Бүгін, 10:45
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Экономика • Бүгін, 10:42