Президент: Армия жастарды еліміздің нағыз азаматы етіп тәрбиелеуі керек

05.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуына қатысты оқиғалар өркениетті елге жат, теріс үрдіс.

Бейбіт заманда мұндай жайттар болмауға тиіс». Президенттің Түркістан газетіндегі сұхбатында қорғаныс саласындағы мәселелер де назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде әлімжеттік, бұзақылық, рушылдық, жершілдік сияқты жайттарға жол берілмейтінін айтты. Армия  жастарды еліміздің нағыз отансүйгіш азаматы ретінде тәрбиелеп шығарып, командирлер әскери қызметшілерге үлгі-өнеге болуы тиіс екендігін алға тартты.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Мен ахуалды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бердім. Дегенмен, қайғылы оқиғалар әскери бөлімшелердің бәрінде болып жатпағанын атап өткен жөн. Тексеру жұмыстары, жалпы әскердегі тәртіп қатаң сақталатынын көрсетті. Танымалдыққа ұмтылған кейбір блогерлер әскердегі шынайы ахуалға мүлдем жанаспайтын сөз таратып жүр. Шын мәнінде, сарбаз болу – өзіңді дамыту үшін тың мүмкіндіктерге ие болу деген сөз. Әскери борышын өтеп қайтқан жастар жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқи алады. Олар әскерде жүргенде сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметшілер мен офицерлер әлеуметтік жағынан барынша қорғалған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью