Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл туралы 2026 жылы 10 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды".
Заңда мемлекеттік органдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет құру көзделген. Қызметтің функциялары тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды, соттарда мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін білдіру мен қорғауды және өзге бағыттарды қамтиды.