Президент Астанада жаңа әуежай құрылысын кешіктірмеуді тапсырды

30.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астанада жаңа әуежай құрылысы жуық арада басталуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоба елдің авиация саласы мен көлік инфрақұрылымын дамыту үшін ерекше маңызға ие, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астанада жаңа әуежай құрылысы жуық арада басталуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоба елдің авиация саласы мен көлік инфрақұрылымын дамыту үшін ерекше маңызға ие, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Мемлекет басшысы елордада жаңа әуежай салу мәселесіне баса назар аудару қажет екенін айтты.

"Авиация саласындағы табысымыз да көбеюде. Елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізілуде. Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз", - деді Президент.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Сол кезде ол елорданың бас жоспарында "әуежай құрылысы үшін перспективалы учаскелер қарастырылғанын" айтқан еді.

Ал 15 мамырда елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бірден бірнеше бірнеше ықтимал алаң қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Нұсқалардың қатарында Қосшы ауданы, сондай-ақ Қарағанды және Павлодар тасжолдары бағыттары аталды.

Кейін Астана әкімдігі бүгінде екінші әуежайдың орналасатын жеріне қатысты түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

Елорда мәслихатында "Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жобасы мақұлданғаннан кейін ол Үкіметке келісуге жіберіледі. Сондай-ақ әкімдік қала аумағына кірмейтін орындар елорданың Бас жоспарына қосылмайтынын нақтылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью