Президент Дональд Трампты Артемида 2 миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, NASA-ның «Артемида-2» миссиясы аясында Айды айналып ұшқан «Орион» ғарыш кемесі Калифорния жағалауы маңындағы Тынық мұхитына сәтті қонды. Қону сәтінің тікелей эфирін NASA-ның YouTube арнасында үш миллионнан астам адам тамашалады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью