Президент: Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты

17.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтау салтанатында сөз сөйлеп, мемлекет жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді, – деп хабарлады Аikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап. 

– Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту  үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық, – деді Президент. 

Айта кетсек, бүгін Ақордада Президент Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдары, оның ішінде энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью