Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мемлекет басшысы елдің биік мақсаттары мен нақты жоспарларын жүзеге асыру үшін бірлікті нығайтып, белсенді әрі табанды еңбек ету керектігін атап өтті. Оның айтуынша, Конституцияны түсіндіру – аса жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайды.
Президент бұл іске білімі терең, тәжірибесі мол заңгерлерді, ғалымдарды, мұғалімдерді, еріктілерді, кәсіпкерлерді, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тартуды тапсырды.
"Президент Әкімшілігінің міндеті – бұл жұмыстың кешенді және жүйелі тұғырын қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды", – деді Мемлекет басшысы.
Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев алда тұрған нақты міндеттерге тоқталды.