Президент Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы JCI аккредитациясынан өтті

05.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациясының талаптарына сәйкестігін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: qr-pib.kz

Елордалық медициналық мекемеде қолданыстағы JCI сертификатын кеңейту бойынша инспекциялық аудит өтті. Тексеру жаңа 80 орындық көпсалалы стационар мен бір ауысымда 450 келуші қабылдайтын емхана ғимаратының іске қосылуына байланысты жүргізілген. Аудит қорытындысы бойынша аурухана қызметі халықаралық стандарттарға толық сай келетіні расталды. Бұл аккредитация – медициналық қызмет қауіпсіздігі мен сапасының әлемдік деңгейдегі ең беделді әрі объективті бағасы.

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

JCI жүйесі жаһандық денсаулық сақтау саласындағы «алтын стандарт» саналады. Қазіргі таңда ол әлемнің 60 еліндегі 1000-нан астам жетекші мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда енгізілген. Президент Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы осы қатарға 2016 жылдан бері кіреді. Содан бері мекеме 2019, 2022 және 2025 жылдары халықаралық талаптарға сәйкестігін жүйелі түрде растаған.

Аурухана инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы 200 орындық емдеу корпусы мен циклотроны бар өндірістік кешен іске қосылды. Бұл жобалардың барлығы халықаралық хаттамаларға сай қатаң бақылаумен жүзеге асырылған.

Соңғы аудиттің сәтті өтуі медициналық ұйымның пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен емдеу тиімділігін арттырудағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ал JCI сертификатының жаңа нысандарға кеңейтілуі аурухананың отандық медицинаның көшбасшысы ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.

Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді

Соңғы жаңалықтар

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

Әлем • Кеше

Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды

Әлем • Кеше

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады

Елорда • Кеше

Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді

Медицина • Кеше

Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді

Елорда • Кеше

Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі

Спорт • Кеше

TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған

Оқиға • Кеше

Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды

Спорт • Кеше

Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады

Таным • Кеше

Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады

Банк • Кеше

Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет • Кеше

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады

Қоғам • Кеше

Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды

Мәдениет • Кеше

Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады

Жасанды интеллект • Кеше

Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью