Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Ақпарат саласында да өзара байланысты күшейтетін кез келді. Бізде өңірлік деңгейде жұмыс істей алатын медиаалаңдар жеткілікті.
Ендігі мақсат — соларды жүйелі және тұрақты деңгейге шығару.
Аймақтық деңгейдегі медиаресурстарды дамыту арқылы өз нарративтерімізді өзіміз қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
Стратегиялық коммуникациялардың ішкі саясаттағы маңызы зор. Сырттан келетін ақпарат көлемі күн сайын артып келеді.
Ал адамның оны түсініп, сараптау мүмкіндігі шектеулі. Сол оқиғалардың нарртивтерін өзіміз айқындай алуымыз қажет.
Түсіндіру логикасын өзгелер емес, өзіміз белгілеуіміз қажет, — деді Қ. Жаманқұлова Президент қатысуымен өткен V Ұлттық құрылтайда.
Сонымен бірге, Құрылтай мүшесі стратегиялық коммуникация арқылы медиасауатты жүйелі түрде күшейту керегін айтты.