Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Президенттің айтуынша, мемлекеттер біртұтас экожүйеде өмір сүреді, ал су көздері, табиғи ландшафттар мен климаттық қауіптер баршаға ортақ.
"Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Орталық Азия және көршілес өңірлер бірқатар ортақ экологиялық сын-қатерлерге тап болып отырғанын атап өтті.
Олардың қатарында су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауаның ластануы және биоалуантүрліліктің азаю қаупі бар.
Президент бұл мәселелерді ашық айтып, олардың шешімін табу үшін күш біріктіру қажет екенін жеткізді.
"Күш жұмылдыру арқылы бұл мәселелерді шешуде оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазіргі кезеңде жетістіктерге тоқмейілсудің орнына нақты шешім қабылдайтын уақыт келгенін атап өтті.