Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады.
2. Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойған еді.
Соңғы жаңалықтар
Digital Qazaqstan форумы алғаш рет Шымкентте өтеді
Технология • Бүгін, 16:33
Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті
Білім • Бүгін, 16:10
20 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 16:06
Депутат волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеуді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 15:42
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:38
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Депутат: Электрондық сауда полигондарға түсетін жүктемені жылдан-жылға арттырып отыр
Қоғам • Бүгін, 15:09
Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды
Оқиға • Бүгін, 14:42
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:33
Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 14:12
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 13:48
Конькимен жүгіруден ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 13:32
«Бәйтерек» холдингі экономика салаларын қолдауға 8 трлн теңге бөледі
Үкімет • Бүгін, 13:22
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
Қазақстан • Бүгін, 13:08
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00