Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысынан төрт жасар баланың әкесі жолдаған хат туралы айтып берді, деп хабарлайды TengriHealth.
Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысынан төрт жасар баланың әкесі жолдаған хат туралы айтып берді, деп хабарлайды TengriHealth.
Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті.
"Еліміз сапалы әрі қарқынды түрде өсіп-өркендеуі үшін азаматтарымыздың тәні де, жаны да сау болуға тиіс. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сіздер осы ізгі мақсат жолында аянбай қызмет етіп жүрсіздер. Қазақта "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген сөз бар. Менің атыма күніне жүздеген хат келіп түседі. Азаматтарымыз өздерінің арыз-шағымын, ұсыныс-тілегін, сондай-ақ жылы лебізін білдіріп жатады", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының тұрғыны жуырда жолдаған бір хатқа тоқталып өтті. Онда оқыс жағдайға тап болған төрт жасар баланы облыстық аурухана дәрігерлерінің аман алып қалғаны жөнінде жазылған.
"Бүлдіршіннің жақын туыстары медицина мамандарының өз ісіне адалдығын ерекше атап өткен. Аурухана қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының басшыларына ризашылығын білдірген. Кішкентай баланың өмірін сақтап қалған білікті маман қазір ортамызда отыр. Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Мемлекет осындай отаншыл, адал азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеді", - деді Президент.
Мемлекет басшысы отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқаны және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ медицина қызметкеріне жоғары мемлекеттік награда беру туралы жарлыққа қол қойды.
"Бұл марапатты ең алдымен, халықтың дәрігерлер қауымына деген шынайы құрметі, зор алғысы деп қабыл алған жөн. Баршаңызға құтты болсын!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
“Ең қадірлі мамандық иесі“: Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу