Президент қазақ тілін Қазақстанның цифрлық жүйелеріне толық кіріктіруді тапсырды

04.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жүйеленген деректер – жасанды интеллектіні дамытудың экономикалық негізі екенін айтты. Мұндай деректер технологияның әлеуетін пайдаланып, өнімділікті арттыруға жол ашады.

"Осы ретте тіл бүкіл жүйені біріктіретін басты құрал болуға тиіс. Ең алдымен, қазақ тілін заманауи цифрлық жүйелерге толық кіріктіру керек. Сонда ғана деректерді құрылымдап, инновацияны барлық салаға енгіземіз. Ортақ деректер жинақталып, өзара үйлесімді және машина оқи алатындай форматта болуға тиіс. Әйтпесе, ең мықты алгоритмнің өзі дұрыс жұмыс істемейді, оның еш пайдасы болмайды. Қазір аса құнды ақпараттың көбі архивтерде шаң басып жатыр. Оның бәрін цифрлық форматқа көшіру қажет. Біз уақыттан ұтылып, мүмкіндікті пайдалана алмай жатырмыз", – деді Президент.

Сондай-ақ Президент Үкіметке жасанды интеллект үлгілерін оқыту үшін архивтердегі және қолданыстағы мәліметтерді сапалы деректер торабына жинақтауды тапсырды.

"Бұл жұмысқа дереу кіріскен жөн. Бұдан бөлек, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі деректер сапасын айқындайтын ұлттық стандартты бекітуі керек. Ол экономика, ғылым және бизнес өкілдеріне қолжетімді болғаны абзал. Жалпы, деректерге бағдарланған басқару үлгісіне толық көшу үшін Үкімет мемлекеттік бағдарламалардың нормативтік базасы мен мазмұнын қайта қарап шығуға тиіс. Мәліметтерді жүйелеп, "деректер қоймасы" деп аталатын бірыңғай желіге кіріктіру маңызды. Жұмыстың тиімділігі соған қарап бағаланады. Біз осы бағытта шұғыл шараларды қолға алмасақ, салынған инвестиция құмға сіңген судай жоқ болады, – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью