Президент Қазақстанда жаңа буын мектептері ашылатынын жариялады

02.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отырғанын мәлімдеді. Alem.ai халықаралық орталығында TUMO және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды.

"Telegram және Presight секілді халықаралық серіктестермен бірге заманауи зертханалар құрылды. Жасанды интеллект Қазақстанның білім беру жүйесіне кеңінен енгізіліп жатыр. Мен жақында қол қойған Жарлыққа сәйкес, ЖИ орта білімді жаңғыртудың негізгі элементіне айналмақ. Әрине, бұл жоба педагогтерді алмастыра алмайды, бірақ ұстаздардың мүмкіндігін кеңейтеді. Жарлықта дербес оқыту тетігін құру, цифрлық инфрақұрылымды нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және білім беру стандарттарын жаңғырту қарастырылған. Біз пилоттық жобаны іске қостық, бұл тәжірибе кейін ел көлеміне таратылады", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастама қала мен ауыл мектептерінің білім алшақтығын қысқартып, ЖИ дәуірінде әр балаға жоғары сапалы білім беруді көздейді.

"Жасанды интеллект мемлекеттік басқару тиімділігінің шешуші факторына айналуда. Қазақстан жаңғыру үдерісінде көш бастау үшін алдын ала қимылдап, тиісті институционалдық ортаны қалыптастырып жатыр. ЖИ саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі доктор Ли Кай Фу жақында Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды басшыларына оқу семинарын өткізді. Семинар жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда стратегиялық тұрғыдан пайдалану, ЖИ-ге бағдарланған операциялық модельдерді, ЖИ агенттерді қолдану және Қазақстандағы ұлттық технологиялық стекті дамыту мәселелерін қамтыды", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту жасанды интеллектіні жедел енгізуге ықпал етіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыра түсетінін атап өтті.

"Бұдан бөлек, Қазақстанда өңіріміздегі алғашқы арнаулы жасанды интеллект университеті білім алушыларды қабылдайды. Бірегей жоғары оқу орны озық зерттеулердің, инновация мен жоғары білікті маман даярлаудың орталығына айналмақ. Білім мен технологияға қаржы құйып, дарындыларды қолдай отырып, жасанды интеллект ұлттық экожүйесінің берік негізін қалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью