Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты

19.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесіп, сөз сөйледі. Президенттің пайымдауынша, ғылым қалашықтары мен қарқынды дамитын қалалар инвестиция және жаңа технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ақорда

«Осы міндетті іске асыру үшін тиісті тұжырымдама қабылданды. Бұл концепцияға сәйкес мықты ғылыми-технологиялық парктер құру жоспарланып отыр. Менің тапсырмам бойынша Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру жұмысы басталып кетті. Парламент осындай қалашықтардың құқықтық мәртебесін және қаржыландыру тетіктерін айқындайтын заң жобасын қарап жатыр. Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз. Жаңа Конституцияда қарқынды дамитын қалалар үшін арнайы құқықтық режим бекітілді. Сондықтан Alatau City жоғары технологиялар саласындағы инвесторлар үшін тартымды жобаға айналады деп сенеміз. Жалпы, мемлекет өңірлерде ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше назар аударып отыр. Соған сәйкес әкімдерге ғылыми-технологиялық саясатты жүргізу құзыреті берілді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, еліміздің ғылыми-академиялық қоғамдастығына үндеу жасады.

«Қазақстанның ертеңі қандай болатыны, инновациялық және озық елге айналу мүмкіндігі сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жасаған еңбектеріңіз бен ашқан ғылыми жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Күш-жігер біріктіріп, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми, технологиялық орталықтардың біріне айналдыра аламыз. Мен бұған сенімдімін», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар жаңа Конституцияның мән-мазмұнын жұртшылыққа терең түсіндіруге айтарлықтай үлес қосқанына назар аударып, ғылым елдікті нығайтудың маңызды құралы екенін айтты.

Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

Соңғы жаңалықтар

Жамбылда облысында ең ірі ЖЭС салынып жатыр 

Аймақтар • Бүгін, 17:39

Тоқаев: Ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ

Қоғам • Бүгін, 17:30

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек

Президент • Бүгін, 17:20

Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды

Қоғам • Бүгін, 17:12

Робототехника – білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі

Аймақтар • Бүгін, 16:55

Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Әлем • Бүгін, 16:43

Заңсыз диплом: Абай облысында дәрігер болғысы келген азамат алаяқтың құрығына түсті

Оқиға • Бүгін, 16:30

МӘМС жаңарады: Әр теңге науқасқа нақты жетуге тиіс

Денсаулық • Бүгін, 16:20

Жамбылда 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Аймақтар • Бүгін, 16:16

Енді елордада айыппұл тұрақтары ақылы болады

Қоғам • Бүгін, 16:09

Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:57

Пойыздарда жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды

Қоғам • Бүгін, 15:42

24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді

Аймақтар • Бүгін, 15:37

112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді

Қоғам • Бүгін, 15:24

Батыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:14

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью