Президент: Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет

25.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды. Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуға тиіс.

Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды.

Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек.

Қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керек. Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелер де бар.

Келеңсіз жайттар Астананың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақытылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью