Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Премьер-министр Олжас Бектенов ел газетіне жариялаған «Жасампаздыққа жетелеген жыл» атты мақаласында білім мен ғылымға салынған инвестициялар туралы сөз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еліміздегі көлемді су айдындары – Каспий мен Арал теңіздерін сақтап қалу мәселесі бірінші кезекке шықты. Елімізде аталған акваторияның өзекті мәселелерін терең зерделеу үшін Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Жинақтап келгенде бұл экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты тұрақты пайдаланудың кешенді тәсілін қалыптастырады. Жаһандық су ресурстары тақырыбындағы маңызды мәселелердің бірі – мұздықтарды сақтап қалу. Сарапшылардың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азиядағы мұздықтар көлемі айтарлықтай кішірейеді. Президент осы мәселелерге де айрықша назар аударып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде «Су мұнаралары серіктестігін» құру бастамасын көтерді, оның мақсаты – мұздықтарды зерттеу әрі қорғау үшін жаһандық зерттеу орталықтарының күш-жігерін біріктіру, сол арқылы гляциологиялық ғылымды қолдауды ортақ бір жүйеге келтіру», делінген мақалада.
Үкімет басшысының айтуынша, әлеуметтік саясатта да сапалы реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бюджеттегі әлеуметтік мақсаттағы шығыстар бұрынғысынша жоғары деңгейде сақталып отыр, мәселен, 2025 жылы республикалық бюджеттен аталған салаға 9,3 трлн теңге бағытталды, бұл жалпы шығыстардың 36,5%-ын құрайды.
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
«Сонымен қатар қолдау көрсету философиясы да өзгертілді: көмек мақсатты, әділ әрі ынталандыратындай болуы керек. Ал кейінгі уақыттары қарқынды енгізіліп жатқан цифрлық құралдар үй шаруашылықтарының дамуын дәлірек бағалауға, тиімсіз төлемдерді қысқартуға және ресурстарды неғұрлым өзекті бағыттарға қайта бөлуге мүмкіндік береді», деп жазды О. Бектенов.
Осы тұста ол кейінгі жылдары адами капиталға жұмсалатын инвестициялар айтарлықтай өсе түскенін айтып өткен.
«Білім беру мен ғылымға салынған инвестициялар бес еседен асты, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге 3,7 есе өсті. Маңызды көрсеткіштердің бірі – өмір сүру ұзақтығы, ол елімізде шамамен 76 жасқа жетті, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 жылға артық», делінген мақалада.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы
Соңғы жаңалықтар
Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда
Саясат • Бүгін, 09:45
Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 09:38
Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:15
Спортшыларымыздың айқын жеңісі
Спорт • Бүгін, 09:10
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:07
Ата заң жастардың әлеуетін арттырады
Саясат • Бүгін, 09:05
Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы
Әлем • Бүгін, 09:00
Әлем • Бүгін, 08:55
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Саясат • Бүгін, 08:50
Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында
Саясат • Бүгін, 08:45
Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 08:40
Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30