24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ұсынды. Оның айтуынша, өңір үшін бұл мәселе аса өзекті. Сондықтан Су проблематикасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегиямызды үйлестіру маңызды.
Бұл бір жағынан су үнемдеудің анағұрлым сәтті тәжірибелерін кеңінен тарату үшін қажет. «Сонымен қатар алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ойластыру керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай құжат саладағы бірыңғай жұмыс қағидаттарын бекітіп, ықтимал қарама-қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.