Президент тапсырмаларын орындау: 2029 жылға қарай жиынтық инвестициялар $400 миллиардқа жетеді

17.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерін жүзеге асыру тетіктері туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, ұлттық жоспардағы болжамдарға сәйкес, инвестициялардың жалпы ішкі өнімге қатынасы қазіргі 14-15%-дан 2029 жылы 23%-ға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде, 2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе артуға тиіс.

Металлургия, мұнай химиясы, газ өндірісі мен фармацевтиканы дамытуға басты назар аударылатын болады. Мемлекет инвесторларды шақыруымен ғана шектелмей, экономикалық өсудің проактивті саясатын енгізуде. Яғни, Үкіметтің өзі жергілікті бизнестің қажеттіліктеріне «инвестицияға тапсырыс» қалыптастырады және жаңа өндірістерді іске қосу үшін дайын технологиялармен шетелдік серіктестерді тартады.

Бұл саясаттың мәні – мемлекеттің тек инвесторларды шақыруымен ғана шектелетін модельден нақты инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мемлекеттің белсенді қатысуы моделіне көшу. Инвестиция тартудың бұл тәсілі экономика салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған. Аталған жобаларды жүзеге асыру елдегі еңбек өнімділігінің орташа деңгейін арттырады, бұл «орта табыс тұзағын» еңсеру және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің одан әрі өсу үшін қажет негізгі шарттардың бірі, — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью