Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ақорда
Аймақ әкімі өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланғанын айтты.
Биыл облыста 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады.
Сондай-ақ Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орындық емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр.
Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды. Бейнеу – Сексеуіл тас жолының құрылысы жақында қолға алынбақ.
Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, халықтың 85 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді.
Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2 400 пәтер беру жоспарланған.
Облыстағы 138 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізу, жолдардың 95,5 пайызын жақсарту көзделген.
Мемлекет басшысы облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бұған дейін Президентке Павлодар облысының әкімі өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берді.
Соңғы жаңалықтар
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Экономика • Бүгін, 16:07
Денсаулық сақтау министрлігі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты тексеру жүргізеді
Қоғам • Бүгін, 16:00
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:45
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
Парламент • Бүгін, 15:30
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Үкімет • Бүгін, 15:28
Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды
Қоғам • Бүгін, 15:13
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Президент • Бүгін, 14:59
Елімізде Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады
Президент • Бүгін, 14:53
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:49