Президент тарих­шысымақтар деп кімдерді айтты?

05.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында тарихи деректерді бұрмалап, халықты адастыратын топты қатаң сынға алды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Президент соңғы жылдары тарих­ты талқылау сәнге айналғанын айтты. Түрлі под­каст­тар, фильмдер, мақалалар мен кітап­тар шығып жатқанынан хабардар екенін жеткізді.

«Әйтсе де мемлекетке ке­сірі тиетінін жете түсінбей, көп­ші­лік­тің көңілін табу үшін ойдан шығарылған дерек­тер мен жалған ақпараттар тара­та­тын, халқымыздың басынан өткен қиын­дықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарих­шысымақтар пайда болды. Жұрт олар­дың сандырағына сеніп, өткен дәуір­дің жал­ған батырларын ұлықтай бастады. Мұның соңы жақсылыққа апар­майды. Бұл – ақиқат жолы емес, кері­сінше «жал­ған түсінік туғызатын теріс жол», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықты жауластыратын емес, ұйыстыратын құндылық алға шығу керектігін ескертті. Бұл тұрғыда хакім Абайдың «Толық адам» концепциясының мәні зор екенін атап өтті

«Ұлы ойшыл­дың ұрпаққа қалдыр­ған баға жетпес мұрасы саналатын «Қара сөздері» әлі күн­ге дейін өзекті болып отыр. Абай халқымыздың еңбекқор, білім­паз және адамгершілігі жоғары болға­нын қалады. Мән-мағынасы жоқ сансыз пікірталастан басқа ұрпаққа ұлағат бо­­­­ларлық сөз қалдырмаған бірқатар қо­ғам қайраткерлерінің мұрасынан Абай ілімі әлдеқайда биік тұрғаны анық. Бірде-бір дәуірде, әсіресе, саяси аласа­пыран­дар кезеңінде көпірме сөздің еш пайдасы болмаған», деді Мемлекет басшысы.      

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне кең көлемді сұхбат берді. 

Соңғы жаңалықтар

Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады

Қоғам • Кеше

5 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады

Ауа райы • Кеше

Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады

Білім • Кеше

Жер бетінде магниттік дауыл басталды

Ғылым • Кеше

Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды

Әлем • Кеше

8 мыңнан астам белсенді, 50-ге жуық ұйым: Астанада волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді

Волонтер • Кеше

БҚО-да ауа райына байланысты үш республикалық жол жабылды

Ауа райы • Кеше

Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан

Әлем • Кеше

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді

Әлем • Кеше

Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

Қоғам • Кеше

Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды

Аймақтар • Кеше

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Спорт • Кеше

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады

Үкімет • Кеше

Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

Мәдениет • Кеше

Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью