Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ақорда
Президенттің айтуынша, «тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидат тарихи оқиғаларды біржақты түсіндіруге әкелуі мүмкін.
«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Яғни жеңімпаздарды жазғыруға болмайды, әлем тарихының төрінен орын алып, зерттеушілердің мақтау-мадағына ие болады. Ал шағын және орта мемлекеттер, соның ішінде майданда жеңіліс тапқан елдер тарихтың тасасында қалады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент көшпелі халықтарға қатысты қалыптасқан ескі стереотиптерді қайта қарау үдерісі басталып кеткендігін айтты.
«Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын «мемлекет деңгейіне жете алмаған» деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті. Бұл ретте біз шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақпыз. Тарих өзіне тәнті болған жалған әрекеттерді, ортақ мұраны жекелеген халықтың қанжығасына байлап беруді кешірмейді. Кереғарлықтар мен кедергілерге толы бай тарихымызды біржақты түсіндіруге қойылатын талап ғылымның құлдырауына және өзара сенімнің жоғалуына әкелетін тұйыққа тірейді», деді Мемлекет басшысы.
Президент тарихшылардың миссиясы қазіргі алмағайып кезеңде маңызды болып тұрғанын атап өтіп, Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғандығына тоқталды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырғандығына баса мән беріп өтті.
Соңғы жаңалықтар
Президент • Бүгін, 15:49
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Президент • Бүгін, 15:43
Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты
Президент • Бүгін, 15:34
Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн
Президент • Бүгін, 15:30
Орталық Азияда көш бастады: Қазақстан жаһандық бедел индексінде жетекші орынға ие болды
Қазақстан • Бүгін, 15:24
Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі
Президент • Бүгін, 15:20
Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады
Мереке • Бүгін, 15:10
Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды
Президент • Бүгін, 15:01
Министр Таяу Шығыстағы эвакуацияға кеткен шығын көлемін атады
Оқиға • Бүгін, 14:55
Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды
Президент • Бүгін, 14:50
1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті
Білім • Бүгін, 14:47
Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр: 20-дан астам елден делегация келді
Президент • Бүгін, 14:40
Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі
Әлем • Бүгін, 14:22
АҚШ-тағы мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35