Президент: Тату тәтті отбасы бақытты балалық шақтың негізі

01.06.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарды құттықтады.

Президенттің айтуынша, жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

«Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат әрі конституциялық міндет», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы құндылықтарының маңызын ерекше атап өтті.

«Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормаларының бірі ретінде айқындалды», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргі қазақстандық жастардың білім, спорт және өнер салаларында жоғары жетістіктерге жетіп жүргенін атап өтті.

Президенттің сөзінше, балаларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында әрбір балаға қолдау көрсетілуде.

Сонымен қатар биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру басталған.

«Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті әрі Озық Қазақстанның басты назарында болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью