Президент ТРК Пәкістанның медиа нарығына шығады

05.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Құжатқа Президент ТРК директоры Раушан Қажыбаева мен «Associated Press of Pakistan» Бас директоры Мұхаммед Асим қол қойды.

Тараптар ақпарат алмасу, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды бірлесіп жариялау және жаңалық контентін өндірудегі кәсіби тәжірибемен бөлісу бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті.

Пәкістанның «Associated Press of Pakistan» агенттігімен ынтымақтастық Президент ТРК үшін Оңтүстік Азия елдері арасында аудиториясы жөнінен екінші орында тұрған, халқы 250 миллионнан асатын Пәкістан нарығына жол ашады.

Президент ТРК халқының жалпы саны 2 миллиардтан асатын өңір елдерінің БАҚ-пен кәсіби байланысын кеңейтіп, ақпараттық кеңістіктегі қатысуын жүйелі түрде тереңдете береді. 

Анықтама үшін:

ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның ең ірі толық қызмет көрсететін медиа компаниясы, оның құрамына «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы және аттас радиостанция, Silk Way, Silk Way Cinema және Silk Way Prime халықаралық телеарналары, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі және Деректі кино орталығы кіреді.

«Associated Press of Pakistan» (APP) — 1947 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Пәкістанның мемлекеттік ақпарат агенттігі. Агенттік жаңалықтарды ағылшын, араб, урду және бірқатар аймақтық тілде (синдхи, пушту және балучи) шығарады және 40-тан астам жетекші шетелдік ақпарат агенттіктерімен ынтымақтастық орнатып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент ТРК журналистері Al Jazeera медиа институтында тағылымдамадан өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью