Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген қорытынды сөзінде фискалдық саясаттың тиімділігіне, ең алдымен, бюджетті ретке келтіріп, қаржы тәртібін қатаң сақтау арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ақорда
«Мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Мұны орындауды созбалаңға салмаңыздар. Бұл істе Қаржы және Экономика министрліктері қатаңдық пен табандылық танытуы керек. Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс. Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек. Енді мұндайды мемлекет мүддесіне қасақана қарсы әрекет ету деп қарастырамыз. Бюджет қаржысы азаматтарымызға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізетін жобаларға берілуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады
Сондай-ақ Президент Үкіметке биыл 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізіп, мемлекет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу механизмін жетілдіруді тапсырды.
«Бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты. Мен Жолдауда бұл мәселе туралы айттым: бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, яғни қаржының қайда, қалай және не үшін жұмсалып жатқаны айқын болуы үшін цифрлық теңгені белсенді пайдалану қажет. Қазіргі таңда бұл тәсіл мемлекеттік сатып алу жүйесінде, субсидиялау кезінде, сондай-ақ Ұлттық қордан ірі жобаларға қаражат бөлу барысында тиімді қолданылып жүр. Бұл құралды басқа да салаларға енгізіп, аясын кеңейту керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады
Соңғы жаңалықтар
Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады
Президент • Бүгін, 12:00
Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет
Президент • Бүгін, 11:46
Президент: Қолданыстағы Конституцияның тарихи маңызын жоққа шығаруға болмайды
Президент • Бүгін, 11:43
Үкімет ірі жер иеленушілерге қандай талап қойды?
Үкімет • Бүгін, 11:42
Ата заң • Бүгін, 11:39
«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады
Президент • Бүгін, 11:35
Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды
Президент • Бүгін, 11:32
Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді
Президент • Бүгін, 11:30
Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады
Экономика • Бүгін, 11:27
Қазақстанда бір жылда 847 млн текше метр су үнемделді
Үкімет • Бүгін, 11:20
Геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар инвестиция салынады
Үкімет • Бүгін, 11:19
Ел экономикасына 58 млрд доллардан астам қаржы тартылды
Инвестиция • Бүгін, 11:18
40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады
Қазақстан • Бүгін, 11:02
Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді
Үкімет • Бүгін, 11:00