Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Президент Волонтерлер форумында Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ақорда
«Волонтерлікті дамыту үшін мемлекет деңгейіндегі жаңа жүйелі шаралар қажет. Биыл еріктілер ісін дамытуға арналған үш жылдық Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталады. Сондықтан Үкімет 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлегені жөн. Бұған дейін қабылданған шаралардың тиімділігіне баға беру және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай волонтерлік қозғалысты нығайту үшін қосымша ынталандыру тетіктерін қарастыру маңызды», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру қажеттігін, бұл – өркениетті қоғамға тән өте маңызды құндылық екенін атап өтті.
«Бүгінде еріктілер елді мекендерді көркейтуге белсене атсалысып жүр. Олар былтырдың өзінде «Таза Қазақстан» аясында өткен 1300-ден астам іс-шараға қатысты. Сондай-ақ волонтерлер ағартушылық сипаттағы түрлі бастамаға ұйытқы болды», деді Президент.
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Мемлекет басшысының айтуынша, осындай игі істер арқылы елімізде жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр.
«Бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсу керек, себебі экологиялық мәдениеттің жоғары болуы кез келген елдің озықтығы мен жасампаздығының айқын көрінісі. Ал Қазақстан ең дамыған елдердің қатарында болуы қажет, бұл – біздің ұлттық стратегиямыздың аса маңызды бөлігі. Әсіресе, кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр аймақта тұрақты ұжымдарды жасақтау өте маңызды. «Таза Қазақстан» қозғалысын ұлттық идея және мемлекеттік саясат ретінде міндетті түрде кеңінен дәріптеп, жалғастыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 12:56
Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті
Волонтер • Бүгін, 12:54
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 12:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 12:44
Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді
Әлем • Бүгін, 12:43
«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?
Оқиға • Бүгін, 12:30
40 млрд теңге инвестиция: «Nobel» компаниясымен ірі келісімге қол қойылды
Медицина • Бүгін, 12:14
«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады
Кітапхана • Бүгін, 12:14
Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?
Ғылым • Бүгін, 12:03
Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:00
Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
Халық • Бүгін, 11:51
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 11:45
Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті
Әлем • Бүгін, 11:33
Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30
Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?
Аймақтар • Бүгін, 11:20