Президент: Заңсыз активтерді елге қайтару ісі жалғасады

05.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Заңсыз активтерді елге қайтару тақырыбы жабылды ма? Президенттен осы мәселенің бүге-шүгесі сұралды. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан газетіне берген сұхбатында жұмыс әлі жалғасып жатқанын жеткізді.

Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюктура немесе  жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан еместігін қаперге салды. Мұны мемлекеттің мызғымас ұстанымы деп атады. Ал Бас прокуратураның жанынан құрылған арнайы комитеттің Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгеруі де өзекті. Өйткені активтері күмән тудырып, күдікке ілінген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірген. Олармен 5 трлн  теңгеден асатын келісімдер жасалған. Қаражат есебінен инвестициялық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Жалпы заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитет үлкен олигополия өкілдерінен 1,3 трлн-нан аса теңге өндірді. Соның 1 трлн-нан астам теңгесі мемлекет қазынасына түсті. Бірақ кей «кәсіпкерлер» қоғамдық пікірді өз мүддесіне бұрмалайды. Шетелде жатып, өздерін саяси режимнің құрбаны етіп көрсетеді. «Инвестор» ретіндегі құқығы тапталып жатқанын айтады. Алайда біз заң аясында адал диалог жүргізуге дайынбыз, - деді Президент. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью