Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Жарлығында адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында төмендегілерді қаулы етті:
Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру; оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру; туындылары жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындарды қолдау; баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру; ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау.Үкіметке жүктелген тапсырмалар:
1) халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етсін;
3) ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттауды, оның ішінде туындыларды сапалы аудару, басып шығару, оқырмандардың кең ауқымды аудиториясына тарату арқылы қамтамасыз етсін;
4) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыруға кіріссін;
5) жасанды интеллектіні дамыту жағдайында 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын (бұдан әрі – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы) бекітсін;
6) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасын әзірлесін;
7) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындасын;
8) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құрсын;
9) жыл сайын «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп берсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Соңғы жаңалықтар
PGL Astana 2026 турнирінің алғашқы ойын күні 7000 көрермен жиналды
Елорда • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды
Президент • Бүгін, 15:20
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:02
LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
Президент • Бүгін, 14:35
Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді
Қоғам • Бүгін, 13:58
Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады
Әлем • Бүгін, 13:35
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 12:52
Айболат Бектен: Туыстық атаулар құқықтық негізде бекітілуі керек
Қоғам • Бүгін, 12:38
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады
Спорт • Бүгін, 11:53
Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі
Қоғам • Бүгін, 11:42
Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:14
Астаналық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Қоғам • Бүгін, 10:33
Су үнемдеу ісінде Қазақстан өңір елдерінен озып тұр
Экология • Бүгін, 10:05