Президент: Жаңа Халық Конституциясы келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат

17.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ақорда

Президент 15 наурыз күні өткен референдумды берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болды деп бағалады.

Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

«Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қолдауына куә болдық. Мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын! Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл орайда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарының және басқа да аймақтардың Ата заңды мақұлдап, дауыс берген тұрғындарына алғысымды айтқым келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы референдум кезінде Қазақстан жастарының ерекше белсенді болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды

«Олар заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев айтып кеткен «ұлттық жауапкершіліктің» озық үлгісін көрсетті. Мұны заңды құбылыс деп айтуға толық негіз бар. Өйткені жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданып отыр. Бұған дейін де айттым, қазір де қайталаймын: еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында! Мемлекет басшысы ретінде мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Жастарымыздың қарым-қабілеті айрықша, талант-дарыны мол, әлеуеті зор, күш-жігері мықты! Қазақстанды әлемдегі ең озық, дамыған елдердің қатарына қосатын да – сіздер! Бұған еш күмәнім жоқ! Бүгін төрге озып, тұғырына қонған жаңа Халық Конституциясы сіздерге бағдар беретін темірқазық болады. Себебі, бұл – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Президент: Жаңа Халық Конституциясы – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат

Президент • Бүгін, 14:34

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды

Президент • Бүгін, 14:20

Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Президент • Бүгін, 14:15

Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:49

Таяу Шығыстағы шиеленістің әсері: Формула-1 жарыстарының екі кезеңі өткізілмейді

Әлем • Бүгін, 13:38

Тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: Сұраныс неге екі есеге азайды?

Қоғам • Бүгін, 13:18

Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді

Жасанды интеллект • Бүгін, 12:57

Айт намазының кестесі жарияланды

Қоғам • Бүгін, 12:42

Петропавлда 37 жастағы азамат өзіне қол жұмсады

Оқиға • Бүгін, 12:33

Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр

Медицина • Бүгін, 12:15

Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 12:12

«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті

Өнер • Бүгін, 12:07

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді

Спорт • Бүгін, 11:56

Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?

Қоғам • Бүгін, 11:42

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью