24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Салық реформасын» қабылдау арқылы салық жүйесін қайта құрдық. Басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында осыны айшықтап берді. Талқылау барысында Үкімет қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынған, алайда, Президент оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендетуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Салық кодексі» бақылауды емес, өзара серіктестік орнатуды көздейтінін айтты. Яғни осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс» деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі.