Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент неліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесі жойылғанын түсіндірді.
Мәселенің мәні тереңде. Себебі Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жемқорлықпен күреседі. Екі мекеменің бір міндетті атқаруы мемлекеттік маңызды іске кесірін тигізеді. Жемқорларды ғана емес, қылмыстық әрекеттің идеологтары мен ұйымдастырушыларын да жауапқа тарту үшін сондай шешім қабылданған. Ал ағарту жұмыстары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзырында қалады. Қасым-Жомарт Тоқаев: «сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауы тиіс», - деді.