Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚайрат Мақсұтов
Қайрат Мақсұтов
© Sputnik / Санат Имангалиев
Үкімет таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында энергетика саласында ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қарапайым "бизнесті" сынға алды. Балқаштағы жылу электр орталығының құрылысы тұралап қалғанын да еске салды. Ал Түркістан, Қызылорда, Алматы мен Екібастұздағы қуат көздері уақытында іске қосылмай отыр.