Президент жүктеген міндеттер кезең кезеңімен іске асырылып жатыр Бақтияр Мәкен

03.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкеннің айтуынша, Премьер-министр Олжас Бектеновтің мақаласы   жай ғана көрсеткіштер мен жобалар туралы есеп емес. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттың нақты шешімдер мен тиімді жұмыс істейтін тетіктерге айналып жатқанын көрсететін мазмұнды құжат,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Мәтінде анық логика бар: алдымен Мемлекет басшысы қойған міндеттер көрсетіледі, одан кейін олардың бюджет, инвестиция, заңнамалық өзгерістер және институттар арқылы қалай іске асырылып жатқаны баяндалады. Бұл – «Заң және тәртіп» қағидатының нақты көрінісі.

Мұнда жеке-жеке жетістіктер емес, тұтас даму моделі сипатталады. Экономиканы әртараптандыру, энергетиканы жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және атаулы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылған.

Материалдың басты ерекшелігі – тұрақтылық пен әділдікке басымдық берілуі. Экономикалық өсім, қауіпсіздік, әлеуметтік қорғаныс және азаматтардың сенімі біртұтас жүйе ретінде ұсынылады.

Әділетті Қазақстан осылайша қалыптасады: мұнда шешімдер кездейсоқ емес, заң мен тәртіпке, жауапкершілікке негізделген нақты стратегия аясында қабылдануда, – деді Бақтияр Мәкен.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью