Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жоспардан тыс жүргізіліп жатқан аудит туралы есеп берілді.
"Президентке мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды. Жоғары аудиторлық палата тексеріс қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады", - делінген Ақорда ақпаратында.
Ақорда ақпаратынша, ауқымды тексеріс 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандарынан, сондай-ақ IT және байланыс саласы сарапшыларынан арнайы топ жасақталды.
"Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі. Атап айтқанда, әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыруы, цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі түгел тексерілмек", - делінген ақпаратта.
Президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және тұтас мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.
Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
“Диагнозымды білген соң сүйгенімнен бас тарттым“: АИТВ-дан кейінгі өмір қалыпты бола ма?
Бүгін 07:08 2
Еске салайық, 27 қыркүйекте Президент Даурен Қосановтың орнына жаңа қорғаныс министрі етіп Айдос Мырзахметовті тағайындады. Бұл кадрлық шешімдер Маңғыстау облысындағы әскери жаттығулар кезінде Каспий теңізінде болған және 14 әскери қызметшінің қазасына әкеп соққан қайғылы оқиғадан кейін қабылданды. Осы оқиғадан соң Президент Қорғаныс министрлігінің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізіп, әскери реформа жоспарын дайындауды тапсырды.
Ал бұған дейін 3 қазанда Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты. Атап айтқанда, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров, қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Джумакеев және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қызметінен кетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу