Президенттің кадрлық шешімдері: ҚР Әділет министрі тағайындалды

03.09.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сурет: ҚР Әділет министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындалды.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Алматы энергетика және байланыс институты (1997)

Мамандығы: «Радиоинженер»

Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университет (2000)

Мамандығы: «Құқықтану»

Еңбек өтілі:

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі секторының консультанты, меңгерушісі (2002–2005);ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі (2005–2011);ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарып, ҚР ҰҚК Құқықтық департаменті бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында жұмыс істеді (2011–2016);ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі (2016–2017);ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары (2017–2019);ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі (2019–2022);Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының судьясы (01.01.2023–16.01.2025);Қазақстан Республикасының Әділет министрі (09.01.2025 бастап).

Бүгін, 12:00

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью