Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
- ҚР Конституциясының 41-бабы Президенттің кезекті сайлауын тағайындау және өткізу тәртібін реттей отырып, жоғары мемлекеттік биліктің жаңарып отыруына қатысты конституциялық шеңберді белгілейді. Қолданыстағы редакциядағы Конституцияда сайлауды өткізу күні нақты бекітілген, яғни, желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген. Мұндай норма әртүрлі, объективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Конституцияның 41-бабында Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп көзделеді,- деді Ерлан Сәрсембаев.
Министрдің пайымынша, бұл редакцияда Мемлекет басшысының сайлау күні оның өкілеттік мерзімі аяқталу күнімен орай белгіленіп, құқықтық айқындық қамтамасыз етіледі әрі икемділік артады.
- Сонымен қатар Президент сайлауының президенттік электоралдық цикілмен тұспа-тұс келмеуі жөніндегі талап сақталады. Сондай-ақ Конституцияның 41-бабынан тиісті тармақты алып тастау ұсынылады. Аталған тармаққа сәйкес, кезектен тыс Президент сайлауы республика Президентінің шешімімен тағайындалып, конституциялық заңда белгіленген тәртіппен мерзімде өткізілетін,- деді министр.
Айта кетейік, Әкімшілік соттарға конституциялық құқықтық мәртебе беру ұсынылды.