Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына қатысты жаңа тағайындаулар жасады.
Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл ведомствоны 2023 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келеді.
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметін сақтап қалды. Ол 2024 жылдың ақпанынан бері министрлікті үздіксіз басқарып отыр.
Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Бүгін, 13:21