Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев Заречный тұрғын алабында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
— Әнші басқа да жазасын өтеушілермен бірге қоғамдық жұмыстарға шығып, елді мекен аумағын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық жұмыс — тек жаза ғана емес, қоғамға пайдалы еңбек арқылы жауапкершілікті сезінуге бағытталған тәртіптік шаралардың бірі. Бұл ретте Омар Амантаев сот үкімін орындау барысында заң талаптарына бағынудың үлгісін көрсетті. Заң алдында бәрі бірдей. Танымал тұлға немесе қарапайым азамат болса да, сот шешімі бәріне ортақ және міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл — құқықтық мемлекет қағидаттарының айқын көрінісі. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, өз әрекеті үшін жауап бере білсе, қоғамда тәртіп пен әділдік нығая түспек, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Омар Амантаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындады.
Есірткі затын тауып алып, сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық тартылады. Сонымен бірге психиатрдан ем алуы тиіс.
Ол сот үкімін орындауды наурыз айының соңында бастады.