Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
«Проблемалық кредиттер қоры» (ПКҚ) АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақберген ұсталды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл іс тек бір менеджердің тағдыры емес, жоғары лауазымды шенеуніктерге де қатысты үлкен даудың басы болуы мүмкін, деп жазды Kozachkov offside телеграм арнасы.
«Проблемалық кредиттер қоры» дегеніміз не? Бұл Қаржы министрлігіне қарасты құрылым. Оның негізгі міндеті: екінші деңгейлі банктерде қайтарылмаған несиелердің орнына кепілде қалған активтерді (зауыттар, фабрикалар, нысандар) қабылдап алу, оларды қалпына келтіріп, кейін сатылымға шығару.
Неліктен бұл ұйым сынға ілікті? Парламент депутаттары мен сарапшылар Қордың жұмысын жиі сынайтын. Себебі Қордың иелігінде ондаған ірі нысан болса да, мемлекетке түсетін пайда өте аз.
Мысалы, Шығыс Қазақстандағы аумағы 64 мың шаршы метр болатын Күміс зауыты инвесторға айына небәрі 1 000 теңгеге жалға берілген. Инвестор зауытты қалпына келтірудің орнына, оның жерін коммерциялық мақсатта басқаларға қайта жалға беріп келген.
«Қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Дәулет Бақбергенді Астанада ұстап, Алматыға жеткізді. Оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіріп тұр. Алайда, бұл істің ең қызықты тұсы басқада. Жақында Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен Берік Шолпанқұлов кезінде Қаржы министрлігінде осы Қордың жұмысына тікелей жетекшілік еткен», - деп жазды Kozachkov offside телеграм арнасы.
Шолпанқұловтың күтпеген жерден қызметтен кетуі осы «Проблемалық кредиттер қорына» қатысты қылмыстық іспен байланысты емес пе? Тергеу орбитасына басқа да жоғары лауазымды тұлғалар ілігуі мүмкін бе?