Продюсер әрі актер: Криштиану Роналду кино әлеміне қадам басты

29.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду британ футболы туралы түсірілетін "Day 1s" драмалық сериалының атқарушы продюсері атанып қана қоймай, жобада актер ретінде де бой көрсетеді, деп хабарлады 1bol.kz.

Сериалдың басты кейіпкері – футбол агенті Стэнли Далтонның рөлін танымал британдық актер Дэмиэн Льюис сомдайды. Түсірілім жұмыстары Англиядағы "Барнет" клубының стадионында басталып кеткен.

Жобаға футбол аңызы Тьерри Анри де қатысады. Сондай-ақ актерлік құрамға британдық рэпер Дэйв пен актриса Карлотта Банат енген.

The Sun басылымының мәліметінше, беделді актерлер мен танымал тұлғалардың қатысуына байланысты сериалға ірі стримингтік платформалар арасында қызу талас болуы мүмкін.

Айта кетері, жобаны Роналду режиссер Мэттью Вонмен бірге құрған UR•Marv Studios студиясы түсіреді.

"Бұл – мен үшін жаңа әрі қызықты кезең. Алдымнан ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді асыға күтіп жүрмін", – деді Роналду.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью