Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бала кезінде өзіне продюсер тарапынан зорлық көрсетілгенін айтып жазба жариялаған Нұрғали Нұғман есімді азаматқа қатысты «Balapan» телеарнасы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Актердің айтуынша, оның өнер саласына келуіне туысы көмектескен. Ол сол кезде «Balapan» телеарнасына қатысты жобада продюсер болып жұмыс істеген. Алайда Нұрғали кейін дәл сол адамның тарапынан қысым мен зорлық көргенін мәлімдеді.
Жас актердің сөзінше, оқиға түсірілім аяқталғаннан кейін жұмыс кабинетінде болған. Ол сол сәтте қатты қорқып қалғанын және ешкімге айтуға батпағанын жеткізді.
«Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол «Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың» деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды», деді ол.
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Аталған жайтқа байланысты телеарна ресми мәлімдеме жасады. Айтуларынша, сол уақыт аралығында телеарнада ер адам продюсер болып қызмет атқармаған.
«2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады», делінген хабарламада.
Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды
Айта кетейік, Нұрғали Нұғман Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінде басты кейіпкердің жастық шағын сомдаған.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?
Оқиға • Бүгін, 15:18
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19