Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов қазақстандықтар үшін Еуропаға кіру үшін визалық режимді жеңілдету келіссөздері жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы уақыта дейін келіссөздердің екі раунды өткен болатын.
"Прогресс жақсы. Визалық режимді жеңілдету мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр. Жақын арада тиісті келісімнің жобасы дайын болады деп сенеміз", - деді Исетов сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, министрлік осы жұмысқа бар күшін салып жатыр.
"Жалпы келіссөздер позитивті тұрғыда өтіп жатыр", - деді Исетов.