Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау мәселесі күннен-күнге өзекті болып барады. Сарапшылардың болжамынша, 2040 жылға қарай әлемде сақталатын деректер көлемі 25 млн терабайтқа дейін өсуі мүмкін. Ал қазір қолданатын қатқыл диск, флешка, серверлік сақтау жүйелері ұзақ жылға шыдамайды, яғни уақыт өте тозады, бұзылады, деректі қайта-қайта көшіруді талап етеді. Бұған көп уақыт пен қаражатты қажет, деп жазады Egemen.kz.
Осы мәселені шешудің бір жолын Microsoft ғалымдары ұсынып отыр. Олар Project Silica деп аталатын жобада деректерді шынының ішіне жазып сақтауды сынақтан өткізіп жатыр. Жоба туралы ғылыми мақала Nature журналында да жарияланған.
Зерттеушілердің айтуынша, шынының бірнеше артықшылығы бар: яғни ол арзан материал, жоғары температураға төзімді, оңай бүлінбейді, сызат пен сыртқы әсерге берік.
Сондықтан мұндай әдіс деректерді 10 мың жылға дейін сақтауға мүмкіндік беруі ықтимал. Бұған дейін ғалымдар ақпаратты ДНҚ-ға сақтау идеясын да көп айтқан. Теория бойынша, 1 грамм ДНҚ-ға өте көп мәлімет сыйғызуға болады. Бірақ ДНҚ синтезі қымбат, деректі оқу баяу, әрі сақтау үшін арнайы жағдай керек.
Бұдан шамамен 10 жыл бұрын Саутгемптон университетінің оптоэлектроника маманы Питер Казанский қысқа лазерлік импульстар арқылы шыны пластинаның ішіне өте ұсақ «іздер» түсіріп, ақпарат кодтаған. Бірақ ол әдіс қымбат жабдықты және өте дәл микроскопты қажет еткен.
Microsoft зерттеушілері бұл тәсілді жетілдіріп, тұрмыста да, зертханада да қолданылатын боросиликат шынысын пайдаланған. Лазер сәулесі шынының ішінде шамамен 100 нанометр аумақта сыну көрсеткішін өзгертеді де, микроскоппен көрінетін белгі қалдырады. Ең маңыздысы – белгілерді әртүрлі тереңдікке түсіруге болады. Яғни бір ғана пластинаның ішіне көп қабат етіп дерек «жазуға» мүмкіндік бар.
Жазу жылдамдығын арттыру үшін ғалымдар лазерді төрт сәулеге бөліп қолданған. Соның арқасында жазу жылдамдығы секундына шамамен 66 мегабайтқа жеткен. Болашақта параллель сәулелер санын 16-ға дейін көбейту арқылы жылдамдықты тағы арттыруға болады дейді.
Ал ақпаратты оқу үшін шыны арқылы жарық өткізіледі, микроскоптың оптикалық камерасы әр қабаттағы белгілерді түсіреді. Кейін арнайы алгоритм сол суреттерді өңдеп, қайтадан цифрлық файлға айналдырады. Жүйе толық роботтандырылған, яғни лазер мен микроскоп автоматты жұмыс істейді, жазу процесі дәл реттеледі.
Зерттеушілер бұл әдіспен бірнеше фильм мен музыкалық архивті сақтап та үлгерген. Егер технология коммерциялық деңгейге шықса, болашақта маңызды мемлекеттік, ғылыми және мәдени мұра деректерін мыңдаған жыл бойы бұзбай сақтаудың жаңа мүмкіндігі пайда болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Бүгін, 23:52
Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Қостанай облысына барды
Ата заң • Кеше
Қоғам • Кеше
Атыраудағы Алғабас ауылынан 5 шақырым қашықта қамыс жанып жатыр
Оқиға • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Берік Асылов: «Заң мен тәртіп» қағидаты жаңа Конституция жобасында іргелі құндылыққа айналады
Ата заң • Кеше
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Кеше
Ата заң • Кеше
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Кеше
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Кеше